
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
“Қызғалдақ” мектепалды тобы
"Балдәурен" ересек тобы
Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлық – бала жүрегінен басталады. Осы бағытта ата-аналар мен балалардың бірлескен еңбегі ерекше маңызға ие.
Біздің тәрбиеленушілеріміз Аблай Тамерланның атасы мен Жайық Нұрханның әкесі балаларымен бірге өз қолдарымен құстарға арнап әдемі жемсалғыштар мен жылы ұялар жасап шықты. Бұл тек қолөнер емес, бұл – мейірімділікке, жауапкершілікке, табиғатты аялауға тәрбиелейтін үлкен тәрбие.
Осындай игі істер арқылы балаларымыз құстарға қамқор болуды, еңбектің қадірін түсінуді үйренеді. Бірлескен еңбек – отбасы бірлігін нығайтып, балаға үлгі боларлық өнеге сыйлайды.
Табиғатты қорғайық, құстарға қамқор болайық!
Құстар – біздің досымыз!
Тәрбиешілер: Байтугелова Г.Е., Дахай М.
