15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай балабақша қабырғасында балалар мен ата-аналарды біріктіретін, жылылық пен тәрбиелік мәні зор «Берекелі шаңырақ» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында бүлдіршіндер  балабақша ауласында асфальтқа бормен «Менің бақытты отбасым» тақырыбында сурет салып, өз қиялдары мен отбасыға деген сүйіспеншіліктерін бейнеледі. Түрлі-түсті суреттер арқылы балалар отбасының бірлігі, мейірімі мен шаттығын көрсете білді.

Отбасы – әр адамның алтын ұясы, берекенің бастауы!