
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
Бала күлкісі – өмірдің сәні, ал оның қауіпсіздігі – әрбір ересектің басты міндеті.
Осы мақсатта №46 «Самал» балабақшасының бүлдіршіндері «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджіне үн қосты.
Челлендж барысында балалар қауіпсіздік ережелерімен танысып, ашық терезенің қауіптілігі туралы білімдерін ойын, әңгіме және шығармашылық жұмыстар арқылы толықтырды.
Құрметті ата-аналар!
Балаларды үйде қараусыз қалдырмаңыздар.
Терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатыңыздар.
Жиһазды терезе алдына қоймаңыздар.
Балаларға терезе маңында ойнауға болмайтынын үнемі ескертіп отырыңыздар.
Бір сәттік ұқыптылық – бір баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Баланың қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ!
Тәрбиеші: Байтугелова Гаухар Ергалиевна
