“Күтпеген тосынсый”

Баланың эмоциясы – оның ішкі әлемінің айнасы. Бүлдіршіндерімізбен қызықты тәжірибе ұйымдастырдық. Балалар шалқасынан жатып, жоғарыдан түрлі жеңіл заттардың өздеріне қарай түскенін бақылады. Алайда олардың бетіне заттардың түсуіне мөлдір целлофан тосқауыл болды.

Алғашқы сәтте балаларда аздап қобалжу мен күту сезімі байқалса, тәжірибе соңында олардың жүзін күлкі мен қуаныш, таңданыс пен қызығушылық басты. Осындай қарапайым тәжірибелер арқылы балалар өз эмоцияларын тануды, оларды басқаруды және қауіпсіз ортада жаңа сезімдерді бастан кешіруді үйренеді. Әрбір эмоция – баланың дамуына апарар маңызды қадам.

Бала эмоциясын түсіну – оның жүрегіне жол табудың ең әдемі тәсілі.

Тәрбиеші: Байтугелова Гаухар Ергалиевна