
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық ойындары арқылы шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Өткізу барысы: Іс-шараны тәрбиеші Искакова Дана Бакировна ашып, балаларға ұлттық ойындардың ережелерімен таныстырды. "Алтын балық" және "Балдәурен" ересек топтары 2 командаға бөлініп, мынадай ұлттық ойындар ойналды:
"Тақияны тап" - балалар зейінділік пен жадысын дамытты.
"Арқан тарту" - командалардың күш-жігері мен бірлігі сыналды.
"Сақина салу" - балалар ептілік пен көз мөлшерін көрсетті.
Ойындар көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Барлық қатысушылар мақтау қағазымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырған: Тәрбиеші Искакова Дана Бакировна
Қатысқандар: "Алтын балық" және "Балдәурен" ересек топтарының тәрбиеленушілері
Өткізілген күні: 17 шілде 2026 жыл
