«ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ»

№46 «Самал» санаториялық балабақшасында жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығының алғашқы күні жоғары көңіл күйде басталды. Балалар апталықтың салтанатты ашылуына қатысып, қызықты флешмоб билеп, «Тәртіп деген не?» тақырыбында танымдық әңгімелесуге қатысты. Сонымен қатар, бүлдіршіндер өз қиялдарынан «Ақылды бағдаршам» тақырыбында сурет салып, аппликациялар жасап, шығармашылықтарын паш етті.

Тәртіпті сақтау – қауіпсіз өмірдің кепілі!

Бала қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.