Ұлттық құндылықтарды сіңіру

“Ботақан” ортаңғы тобы

Балабақшада бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру – тәрбиешінің маңызды міндеттерінің бірі. Баланы ана тілін құрметтеуге, салт-дәстүрді білуге, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет.

Ұлттық ойындар, ертегілер, мақал-мәтелдер, ұлттық бұйымдар мен салт-дәстүрлер арқылы баланың ұлттық санасы қалыптасады.

Ұлттық тәрбие – баланың туған елін, жерін, тілін және мәдениетін құрметтеуге бастайтын алғашқы қадам.