«Таза аула – таза орта» акциясы аясында

«Таза аула – таза орта» акциясы аясында балабақшамыздың тәрбиеленушісі Иманәлі ата-анасымен бірге қалдық материалдарды тиімді пайдаланып, ерекше қолөнер бұйымын жасады. Бұл шығармашылық жұмыс арқылы балаға табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау, қалдықтарды қайта пайдалану мәдениетін қалыптастырудың маңызы көрсетілді.

Ата-ананың бала шығармашылығына қолдау көрсетіп, бірге еңбек етуі – тәрбиенің тамаша үлгісі. Бірлескен еңбек баланың қиялын дамытып, жауапкершілік пен ұқыптылыққа баулиды.

Таза аула – таза орта!

Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.