ҚОС ҚУАНЫШ, ҮЛКЕН ЖЕҢІС!

№46 «Самал» санаториялық балабақшасының бүлдіршіндері республикалық «Балапан саз» байқауында жоғары өнер көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды!

Бұл – бүлдіршіндеріміздің таланты мен талпынысының, педагогтеріміздің кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің жарқын жемісі!

Жеңіс қуанышы мұнымен шектелмей, өнерлі бүлдіршіндерімізге теледидарлық жобаға қатысуға жолдама берілді! Бұл – кішкентай өнерпаздарымыз үшін үлкен мүмкіндік пен жаңа белестерге бастар жарқын жол!

Жеңімпаз бүлдіршіндерімізді, олардың ата-аналарын және өнерге баулып жүрген ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Өнерлерің өрге жүзсін, жұлдыздарың жарқырай берсін! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, балабақшамыздың мерейін асқақтата беріңдер!

Біз сендермен мақтанамыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!