
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
Балабақшамызда «Әжемнің ертегілері» апталығы аясында тәрбиеленушіміз Айдайдың аяулы әжесі қонаққа келіп, бүлдіршіндерге ертегі айтып берді.
Әжеміздің әсерлі әңгімесі мен қызықты ертегісін балалар зор қызығушылықпен тыңдап, кейіпкерлер әлеміне саяхат жасады. Ертегі арқылы бүлдіршіндер мейірімділікке, ізгілікке, үлкенді құрметтеуге және жақсылық жасауға тәрбиеленді.
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ауыз әдебиеті – бала тәрбиесінің асыл қазынасы. Әже өнегесі мен ертегінің тәрбиелік мәні әр баланың жүрегіне жылулық сыйлады.
Айдайдың әжесіне балабақшамызға арнайы келіп, балаларға қуаныш сыйлағаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Әже ертегісі – ұрпаққа өнеге, бала жүрегіне мәңгілік тәрбие!
