«Ақылды ойындар әлемінде»

“Қызғалдақ” мектепке дейінгі 5 жас тобының тәрбиеленушілері үшін ерекше қорытынды ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өтті!

Іс-әрекет барысында бүлдіршіндер Астана қаласы Сарыарқаның өңірінде, Есіл жағалауында орналасқан әсем қала екенін анықтады.

«Адал азамат» құндылықтары арқылы адалдық, мейірімділік, жауапкершілік, еңбекқорлық сияқты асыл қасиеттерді бойларына сіңірді.

Бес білім беру саласы кіріктіріліп, қызықты ойындар мен тапсырмалар арқылы балалар өз білімдерін көрсетті:

Коммуникация – сауат ашу, тіл дамыту, мақал-мәтел, көркем әдебиет

Таным – математика негіздері, санау, салыстыру

Шығармашылық – сурет салу

Әлеуметтік орта – қоршаған ортамен танысу, табиғатты қорғау

Интерактивті тақта мен жасанды интеллект элементтері қолданылып, сабақ балалар үшін ерекше өтті.

Балалар белсенділік танытып, өздерінің тапқырлығын, шапшаңдығын, шығармашылығын көрсетті.

Әрбір бүлдіршін – болашақтың жарқын, адал азаматы!

Тәрбиешілер: Байтугелова Гаухар Ергалиевна, Дахай Маралхан