Сюжетті-рөлдік ойыны

«Ботақан» тобында балалармен «Адалдық дүкені» сюжетті-рөлдік ойыны ойнатылды.

Ойын барысында бүлдіршіндер адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сияқты маңызды адамгершілік құндылықтармен танысты.

Балалар дүкенші мен сатып алушы рөлдеріне еніп, дұрыс таңдау жасауды, кезекте тұруды, бір-біріне құрметпен қарауды үйренді. Ойын өте қызықты әрі тәрбиелік мәні зор болды.

Іс-шараны ұйымдастырған тәрбиеші: Жапсарбаева Галия Сатыбалдиновна.

Балалардың белсенділігі мен қызығушылығы ерекше байқалды.