
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Жаңа Конституция: педагогтің құқықтық мәдениеті және азаматтық жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – педагогтердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, Конституцияның негізгі қағидаттарын насихаттау, заң талаптарын құрметтеу және азаматтық жауапкершілікті арттыру.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Конституцияның қоғамдағы маңызы, педагогтің құқықтары мен міндеттері, кәсіби әдеп қағидаттары және құқықтық сауаттылықты жетілдіру мәселелері төңірегінде өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.
Мұндай тағылымды іс-шаралар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін нығайтып, құқықтық санасы мен азаматтық ұстанымын дамытуға ықпал етеді.
