«Нептун күні» жазғы ойын-сауық іс-шарасы

Мақсаты: Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі көңілді өткізу, су ойындары арқылы денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру және жағымды көңіл күй сыйлау. Балалардың суға байланысты қызығушылығын арттыру.

Қимыл-қозғалыс дағдыларын, ептілігін және шапшаңдығын дамыту.

Ұжыммен бірлесіп ойнауға, достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Су ойындары кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.

Балалардың шығармашылық қабілеті мен көңіл күйін көтеріп, жазғы мерекелік атмосфера қалыптастыру.