«Жасампаздық және жаңашылдық» айлығы аясында

«Жасампаздық және жаңашылдық» айлығы аясында және Халықаралық кітап сыйлау күніне орай ұйымдастырылған «Бала тілі — бал» атты челленджге №46 «Самал» санаториялық балабақшасының «Алтын балық» ересек тобының тәрбиеленушісі Өмірзақ Айша белсенді қатысты.

Айша балалардың сүйікті шығармаларының бірі – «Шалқан» ертегісін мәнерлеп айтып, көркем тілін, есте сақтау қабілетін және шығармашылық дарынын көрсетті. Баланың тілі балдай тәтті, ойы жүйрік, қиялы кең болсын!

Айшаға сәттілік тілейміз және ата-анасына, тәрбиешілеріне алғыс білдіреміз!