“Аю мен қонжық” ертегісі

“Қызғалдақ” мектеп алды топ тәрбиеленушісі: Жайық Нұрхан

Тәрбиешілер: Байтугелова Гаухар Ергалиевна, Дахай Маралхан.

Қазіргі цифрлық технология дамыған заманда өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіру – білім беру саласының басты міндеттерінің бірі.

Осы мақсатта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Жасампаздық және жанашырлық» айлығы шеңберінде Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Бала тілі – бал» атты бейнероликтер челленджі ұйымдастырылды.

Бұл челлендждің басты мақсаты – балалардың тілдік қорын байыту, көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру және кітапқа, ертегі әлеміне деген қызығушылығын арттыру.

Кітап – баланың қиялын қанаттандырып, ой-өрісін кеңейтетін, рухани дүниесін байытатын қастерлі қазына.

Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі ел болашағы. Сондықтан әр баланың жүрегіне кітапқа деген сүйіспеншілікті ұялату – баршамыздың ортақ міндетіміз.
«Бала тілі – бал» — балғындардың шынайы сезімі мен тәтті тілін дәріптейтін рухани бастама.