
Мекен-жай: Астана қ., М.Габдуллина к., 8.
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
Балабақшамызда Отан қорғаушылар күніне арналған тағылымы мол мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына елге, жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанды құрметтеуге тәрбиелеу, болашақ ел қорғаны болатын ұл балаларға жігер беру.
Мереке барысында тәрбиеленушілер ән айтып, тақпақтар оқып, саптық жаттығулар мен қызықты ойындарға белсене қатысты. Балалардың батылдыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке деген қызығушылығы артып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ел тыныштығы мен бейбіт өмірдің қадірін сезінетін ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Барша ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
