
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
“Балапан” ортаңғы тобы
Балабақшамыздың кішкентай бүлдіршіндері көктем мезгілінің ерекшеліктерімен танысты.
Іс-әрекет барысында балалар көктемде табиғаттың жаңарып, гүлдердің бүршік жарып ашатыны туралы түсінік алды. Сонымен қатар, бүлдіршіндер зерттеу жұмысын жасап, гүлді суға салып, оның уақыт өте келе қалай ашылатынын бақылап көрді.
Бұл тәжірибе балалардың танымдық қызығушылығын арттырып, табиғатты бақылауға, қамқорлық жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелей түсті.
Кішкентай зерттеушілер үшін әрбір ашылған гүл – көктемнің кішкентай ғажайыбы болды.
Табиғатты танып-білу арқылы бала жүрегіне сұлулық пен мейірім ұялайды.
Тәрбиешілер: Байтугелова Г.Е., Кенжебекова А.Ж.
