Қазақстан Республикасының Конституциясы

15 наурыз – Жауапкершілік пен бірлік күні.

Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы – уақыт талабына сай жаңарып, ел дамуына бағыт-бағдар беріп келеді. Соңғы өзгерістер халықтың рөлін күшейтіп, әділеттілік пен ашықтық қағидаттарын нығайтты. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы жауапкершіліктің арта түскенінің айқын көрінісі.

Біз, білім беру саласының өкілдері, жас ұрпаққа заңға құрмет пен ел болашағына жауапкершілік сезімін қалыптастыруды басты міндетіміз деп білеміз.