ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ЖОЛЫ

Біз бәріміз бір елдің азаматымыз. Ортақ мақсатымыз – әділетті, заң үстемдігі орнаған, адам құқығы қорғалған, мүмкіндігі тең қоғам қалыптастыру.

«Жаңа Қазақстан» – бұл жай ұран емес. Бұл – саналы өзгеріс, жауапкершілік, азаматтық белсенділік.

Ал Әділетті Қазақстан – әр адамның дауысы естілетін, заң бәріне бірдей қызмет ететін мемлекет.

Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін құрылған жалпы ұлттық коалиция – азаматтық бірліктің, ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.

Біздің құндылықтарымыз:

Әділдік

Заң үстемдігі

Адалдық

Азаматтық жауапкершілік

Ұлттық бірлік

Біз болашақ ұрпаққа тұрақты, дамыған, әділетті ел қалдыруға міндеттіміз.

Бірлік бар жерде – тірлік бар.

Әділет бар жерде – сенім бар.

Біз – Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз!