Қалалық қар күреу акциясы

Бүгін №46 «Самал» санаториялық балабақшасының аумағында қалалық әкелердің қатысуымен қар күреу акциясы өтті. Қыс мезгілінде балаларымыздың қауіпсіз әрі таза ортада жүруі үшін аянбай еңбек еткен барша әкелерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Сіздердің белсенділіктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және балабақша өміріне деген жанашырлықтарыңыз – баршаға үлгі. Бірлесе атқарған әр ісіміз балаларымыздың игілігі үшін жасалатыны қуантады.

Қолдау көрсетіп, уақыт бөліп келген әрбір ата-анаға үлкен рақмет! Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз арта берсін!