«Эко квест: Алтын қазына іздеу» атты танымдық ойын

2026 жылдың 21 сәуір күні Қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №46 «Самал» санаториялық балабақшасында «Эко квест: Алтын қазына іздеу» атты танымдық ойын ортаңғы топтар арасында ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және танымдық қызығушылықтарын дамыту болды.

Квест барысында бүлдіршіндер түрлі тапсырмаларды орындап, табиғатты қорғау, қоршаған ортаны аялау тақырыптарында білімдерін шыңдады. Қызықты ойындар мен логикалық тапсырмалар арқылы олар бірлік пен ұйымшылдықтың маңызын түсініп, «алтын қазынаға» бірге қол жеткізді.

Шара соңында барлық қатысушылар белсенділігі үшін марапатталып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.