
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
«Әр ойыншықтың өз орны бар» атты әдістемелік-тәрбиелік іс-шара өтті.
2026 жылдың 16–22 сәуірі аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған бұл бастама балалардың бойында жауапкершілік, ұқыптылық және қоғамдық тәртіпке құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталды.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер ойыншықтарды жинау, оларды өз орнына қою, тазалық пен тәртіпті сақтау мәдениетімен танысты. Балалар түрлі ойындар, тәжірибелік тапсырмалар және тәрбиелік әңгімелер арқылы ұқыптылықтың маңызын түсініп, күнделікті өмірде қолдануға дағдыланды.
Мұндай тәрбиелік шаралар баланың тұлғалық дамуына оң әсер етіп, тәртіпке бағынатын, жауапты азамат болып қалыптасуына негіз қалайды.
