«Баланы мектепке бейімдеу» атты семинар өтті

Бүгін 24.01.2025 ж.№ 46 «Самал» санаториялық балабақшасында семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Баланы мектепке бейімдеу» Мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдерін болашақ оқушыларымен таныстыру, олардың мектепке бейімделу үдерісін түсіндіру және баланың алғашқы мектеп тәжірибесімен үйлесімді түрде танысуына ықпал ету.

Қатысушылар: № 46 «Самал» санаториялық балабақшасының МАД тобының тәрбиешілері және Ж.Ташенов атындағы №10 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері. Келген қонақтар өздерінің жақсы әсерде болғандарын айтып, ризашылығын білдірді.