
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Біздің «Қалдықтан құндылыққа» эко жобасының мақсаты – балаларға қоршаған ортаны аялауды, қалдықтарды дұрыс сұрыптауды және қайта пайдаланудың маңызын түсіндіру.
Жоба барысында балалар пластик бөтелке, қағаз, картон, қақпақтар сияқты тұрмыстық қалдықтардан түрлі пайдалы заттар жасап, қоқыстың да екінші өмірі бар екенін тәжірибе арқылы үйренді.
Бұл жұмыс балалардың шығармашылығын дамытып қана қоймай, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырды.
Кішкентай қадамдар – үлкен өзгерістердің бастауы!
Табиғатты таза ұстайық!
Болашаққа қамқор болайық!
Қалдықтан – құндылық жасайық!
Тәрбиеші: Байтугелова Гаухар Ергалиевна, Дахай Маралхан
