“Ана жүрегімнің шуағы”

Аяулы аналарымыз! “Балапан” тобының кішкентай жүректері сіздерге деген шексіз махаббат пен алғысын білдіреді. Ана – әр баланың өміріндегі ең мейірімді жан, жүрегінің шуағы, тіршілігінің тірегі. Сіздің ақ сүтіңіз бен ақ тілегіңіз – бала бақытының бастауы.

Біздің балапандарымыз сіздерге арнап жылы сөздерін, әні мен биін, жүрекжарды алғысын дайындап қойды. Әрбір кішкентай жүректе анасына деген шынайы махаббат бар.

Сіздерді “Ана жүрегімнің шуағы” атты мерекелік ертеңгілігімізге шақырамыз!

Балаларыңыздың қуанышын бірге бөлісіп, мейірім мен шаттыққа толы сәттің куәсі болыңыздар.

Күні: 04.03.2026ж

Уақыты: 09.15

Өтетін орны: “Самал” балабақшасы

Қымбатты аналар, сіздердің күлкілеріңіз – біздің бақытымыз!

Мерекеде жүздескенше!

Тәрбиешілер: Кенжебекова А.Ж., Байтугелова Г.Е.