Алғыс айту күні!

Алғыс айту – жүректегі ризашылықты білдіріп, жақсылыққа жақсылықпен жауап беру күні. Бұл – мейірім мен сыйластықтың, бірлік пен татулықтың мерекесі.

“Қызғалдақ” мектепалды тобының тәрбиеленушісі Альдиева Мадина және анасы Альдиева Динара Шаяхметқызы барша ұстаздарға, балабақша ұжымына және айналасына шуақ сыйлап жүрген жандарға шынайы алғыстарын білдіреді.

Балалардың жарқын күлкісі мен бақытты балалық шағы үшін, берген білім мен тәлім-тәрбие үшін үлкен рақмет! Әр шаңырақта қуаныш, әр жүректе мейірім болсын! Алғыс айту – асыл қасиет.