
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші
31 қазан күні №46 «Самал» санаториялық балабақшасында ата-аналар мен балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында «Өнерлі отбасы» атты тамаша сайыс өтті. Іс-шара барысында қатысушы отбасылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, қолөнер шеберліктерін көрсетті. Әр отбасы өзара татулықты, сүйіспеншілікті және өнерге деген қызығушылықты паш етті. Нәтижесінде барлық қатысушылар ерекше белсенділіктері мен шығармашылығы үшін алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Осындай шаралар арқылы балабақша мен ата-аналар арасындағы байланыс одан әрі нығайып, балалардың бойында өнерге, ізгілікке, отбасына деген сүйіспеншілік сезімі қалыптасады.
