№46 "Самал" санаториялық балабақшасында "Таза Қазақстан"

№46 "Самал" санаториялық балабақшасында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – балаларға табиғатты сүюді, тазалықты сақтауды, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды үйрету және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сенбілікке балабақша ұжымы, тәрбиешілер және тәрбиеленуші балалар белсене қатысты. Балалар өздерінің тәрбиешілерімен бірге аула тазалап, гүлдер мен ағаштарды суарып, қоқыс жинап, тазалық жұмыстарына атсалысты. Іс-шара барысында тәрбиешілер балаларға экология, табиғатты қорғау және тазалықтың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.