
Байланыс:
+7 (7172) 44‒09‒08 қабылдау
+7 (7172) 44‒09‒10 меңгеруші

«№46 «Самал» санаториялық балабақшасында ата-аналармен бірлескен «Сабан той – еңбектің, бірліктің және достықтың мерекесі» атты «Күз сыйы» жәрмеңкесін ұйымдастыру арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, еңбектің қадірін ұғындыру, бірлік пен ынтымақтастықты нығайту.

Міндеттері: Балаларды еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, достық пен бірлікке тәрбиелеу. Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын нығайтып, бірлескен еңбектің нәтижесін сезіндіру. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту (ән айту, би билеу, тақпақ оқу, қолөнер). Ұлттық ойындар мен дәстүрлер арқылы шапшаңдыққа, ептілікке, батылдыққа баулу. Табиғаттың сыйын қадірлеуге, экологиялық тәрбиеге баулу. Қонақжайлылық пен ынтымақтастықты дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

