Адал азамат біртұтас тәрбие

Адал_азамат_біртұтас_тәрбие Бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің бастауы – өткеннің өнегесінде. Осы мақсатта ұйымдастырылған әжелермен кездесу кеші мазмұны терең, тағылымы мол шара болды.

Әжелеріміз өз өмір жолынан сыр шертіп, ұлттық салт-дәстүрдің мәні, отбасы тәрбиесіндегі ананың, әженің рөлі туралы құнды ойларымен бөлісті. Кездесу барысында үлкенге құрмет, кішіге ізет, инабаттылық пен имандылық жайлы әңгімелер айтылып, ұлттық тәрбиенің маңызы кеңінен насихатталды.

Әжелердің ақ батасы мен жылы лебізі жастарға рухани күш беріп, жүректерге жылу ұялатты. Осындай кездесулер – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін маңызды рухани алаң.

Өмірдің шын мәніндегі нәрі – дәстүр мен тәрбиеде екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік.

#каскадты_оқыту @oqu_agartu_ministrligi @altynsarin_akademiasy @gani.beisembayev @akimat__astana @bilimastana @k.sengazyyev_official @qosymsha_ast